«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАЛОГ»
АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖУРНАЛЫ БАСЫЛЫМЫНЫҢ
2024 жылға арналған

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖӘНЕ БАСЫП ШЫҒАРУШЫ: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті

ТІЛІ: қазақ, орыс, ағылшын

ЖИІЛІГІ: тоқсанына 1 рет

№ 1 (47) - 1 тоқсан 2024

Білім берудегі өзгеріс көшбасшылары

0000012

Білім берудегі өзгеріс көшбасшысы деген кім? Оның білім беру процесін жетілдіруге әкелетін өзгеріс тенденцияларын қалыптастырудағы рөлі қандай? Педагогтің кәсіби дамуында жоғары деңгейдегі көшбасшылықтың ерекшеліктері неде? Білім беру ұйымы басшысының көшбасшылық қызметтері қандай? Мақалаларда көшбасшылық тұжырымдамасына, тәжірибені, бизнес-ойлауды және талант менеджментті үздіксіз зерттеуге негізделген өзін-өзі оқытатын ұйым ретінде мектептің дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылады.

№ 1 (47) - 1 тоқсан 2024

№ 2 (48) - 2 тоқсан 2024

SOFT SKILLS: бұл неліктен маңызды?

 

0000022

Журналдың екінші саны мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін және тұлғалық қасиеттермен қатар эмоциялық зиятпен тығыз байланысты икемді (жұмсақ) кәсіби емес дағдыларды дамыту мәселелеріне арналады. Soft skills-ке қатысты сын-тегеуріндер мен бастамаларға, дағдылардың ерекшеліктеріне, бағалау құралдарына, soft skills технологияларына және дамуы мен әсер ету тәсілдеріне қатысты сұрақтар қызығушылық тудырады. Коммуникативті дағдылар, өзіндік ұйымдастыру дағдылары, креативтік дағдылар (стандарттан тыс ойлау қабілеті), ақпаратпен жұмыс, стреске төзімділік, атап айтқанда, мәселелерді шешу дағдылары, көпшілік алдында сөйлеу, топтық жұмыс, іскерлік және цифрлық қарым-қатынас, қызметті ұйымдастыру басты назарға алынды. Зерттеу нәтижелері педагогтердің кәсіби дамуы мен білім беру сапасын жақсартуға ықпал ететін  мақалалар қабылданады.

№ 3 (49) - 3 тоқсан 2024

WALS-2024

0000032

Журналдың бұл нөмірі Дүниежүзілік WALS қауымдастығы NIS  Педагогикалық шеберлігі орталығымен бірлесіп ұйымдастыратын Сабақты зерттеу бойынша XVIII Халықаралық конференцияға орайластырылған. Басылымда отандық және шетелдік ғалымдардың, халықаралық сарапшылардың, конференция катысушыларының зерттеу нәтижелері ұсынылады, педагогикалық тәжірибені жетілдіру үшін әлемдік білім беру кеңістігі мәнмәтінінде Lesson Study тиімділігі туралы мақалалар беріледі.

№ 3 (49) - 3 тоқсан 2024

№ 4 (50) - 4 тоқсан 2024

Игілік: балаларды үйретеміз – балалардан үйренеміз

0000042

Оқушылардың игілігі білім беру тиімділігі көрсеткіштерінің бірі, сонымен қатар ол білім беру параметрлерін ғана емес, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени параметрлерді ескеретін жаңа тренд болып табылады. Оқу жетістіктері, мектеп ұжымындағы қарым-қатынас оқушылардың игілік және қанағаттану деңгейіне қалай әсер етеді? Игілік дегеніміз не және оған қол жеткізуде қандай психологиялық кедергілер бар? Буллинг неліктен пайда болады және оны қалай тоқтатамыз? Автор берілген сұрақтың осы және басқа да аспектілерін зерттеу нәтижелерімен, өздерінің ғылыми пікірлерімен бөліседі.