«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАЛОГ» АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖУРНАЛЫ БАСЫЛЫМЫНЫҢ
2022 жылға арналған
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖӘНЕ БАСЫП ШЫҒАРУШЫ: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің Білім беру факультеті
ТІЛІ: қазақ, орыс, ағылшын
ЖИІЛІГІ: тоқсанына 1 рет
№ 1 (39) - 1 тоқсан 2022
Функционалдық сауаттылық – білім беру нәтижесінің сапасы
Авторлар PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық зерттеулерінде сауаттылық түрлерін, мектептегі білім сапасын бағалау мәселелерін, оқу үдерісінде функционалдық сауаттылықты дамытуды дидактикалық және әдістемелік сүйемелдеуді құрстыру жолдарын қарастырады. Цифрлық сауаттылыққа, оның маңыздылығына және оны қалай өлшеуге болатынына ерекше мән беріледі. Сонымен бірге оқу сауаттылығын жетілдіру, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту үшін тұтас емес әрі электрондық мәтіндермен жұмыс тәжірибесі көрсетіледі.
№ 1 (39) - 1 тоқсан 2022
№ 2 (40) - 2 тоқсан 2022
Бүгінгі инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім туралы мақалалар жарияланады, ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктердің әр түрін ескеру мәселесі қарастырылады. Инклюзия мәселесін шешуде отандық және халықаралық тәжірибе, тәсілдер мен инновациялар ескеріледі.
№ 3 (41) - 3 тоқсан2022
Білім беру сапасының мониторингісі
Бұл нөмірге білім беру нәтижелерінің сапасына мониторингілік зерттеулердің нәтижелері, оны жүргізудің түрлері мен модельдері көрсетіледі. Сондай-ақ, білім беру сапасы мен мектептердің білім беру қызметі тиімділігінің көрсеткіштері сипатталған.
№ 3 (41) - 3 тоқсан2022
№ 4 (42) - 4 тоқсан 2022
Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы
Журналдың бұл нөмір материалдары «НЗМ» ДББҰ XIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция секцияларының жұмысы аясында қарастырылған білім берудің өзекті мәселелерімен таныстырады.