«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАЛОГ»
АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖУРНАЛЫ БАСЫЛЫМЫНЫҢ
2025 жылға арналған
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖӘНЕ БАСЫП ШЫҒАРУШЫ: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті
ТІЛІ: қазақ, орыс, ағылшын
ЖИІЛІГІ: тоқсанына 1 рет
№ 1 (51) - 1-тоқсан 2025
Командалық жұмыс: жетістік бағдары
№ 1 (51) - 1-тоқсан 2025
№ 2 (52) - 2-тоқсан 2025
Ауыл мектебі: өсу нүктелері
Ауыл мектептерін дамыту тақырыбының маңызы мен өзектілігі қазіргі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында арта түседі. Ауыл мектептері ауылдық жерлерде тұратын балаларға сапалы білім беруде шешуші рөл атқарады. Ауыл мектептері үшін мүмкін болатын өсу нүктелері: педагогтердің біліктілігін арттыру және кәсіби дамыту, жайлы білім беру ортасы, мектеп ғимараттарын жақсарту және заманауи оқу материалдары мен технологияларының қол жетімділігін қамтамасыз ету, қашықтықтан білім беру технологиялары мен оқыту платформаларын енгізу, оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын құру, сондай-ақ оқушыларды мектеп өміріне тарту және жергілікті қоғамдастықпен байланысты нығайту үшін түрлі іс-шараларды ұйымдастыру. Осы және басқа шаралар ауылдық жерлердегі балалардың білім алуына және тұлғалық дамуына тең мүмкіндіктер ұсына алады.
№ 3 (53) - 3-тоқсан 2025
Мұғалімдікке қайта даярлау: шынайы және мүмкін
№ 3 (53) - 3-тоқсан 2025
№ 4 (54) - 4-тоқсан 2025
«НЗМ» ДББҰ Халықаралық конференциясы
«Цифрлық дәуір мектебіндегі білім беру: негізгі тренділер мен сын-қатерлер» халықаралық конференциясы
Конференция бағыттары:
- Білім беру философиясы мен әлеуметтануы.
- Болашақ технологиялары мен білім беру ресурстары.
- Білім берудегі көшбасшылық және басқару.
- Мұғалімдердің оқуы мен кәсіби дамуы.
- Куррикулум, пәндер және көптілді білім беру.
- Білім беру сапасын бағалау.
- Балалар тәрбиесі, дамуы және әл-ауқаты.