«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАЛОГ»
АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖУРНАЛЫ БАСЫЛЫМЫНЫҢ
2023 жылға арналған
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖӘНЕ БАСЫП ШЫҒАРУШЫ: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті
ТІЛІ: қазақ, орыс, ағылшын
ЖИІЛІГІ: тоқсанына 1 рет
№ 1 (43) - 1 тоқсан 2023
Әлем ұстазбен нәрленеді
Қазіргі әлемдегі мұғалімнің миссиясы қандай? Оның коммуникативті имиджі неден құралады? Ғаламтор кеңістігіндегі мұғалім мінез-құлқына қандай талаптар қойылады? Оның бірегейлігі мен ой-өрісін дамытуда кәсіби стандарттар қандай рөл атқарады? Кәсіби этиканың негізгі ережелері қандай? Осы және басқа сұрақтарға біздің журнал беттерінен жауап таба аласыз.
№ 1 (43) - 1 тоқсан 2023
№ 2 (44) - 2 тоқсан 2023
Әрбір мектеп креативтілік бастауы
Бұл нөмірде креативтілікті, сыни ойлауды дамыту мәселелері, шығармашылық қабілеттерді дамытуға деген кәсіби көзқарастар қарастырылады. Талқылау назарында: мұғалім креативтілігінің ғылыми негіздемесі, оның жаңа идеяларды қабылдау мен оқу процесіне инновацияларды енгізудегі дайындығы, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін зерттеу нәтижелері. Білім берудегі барлық мүдделі тараптарға мектепте шығармашылық ойлауды дамытуға арналған қарапайым кеңестер ұсынылған.
№ 3 (45) - 3 тоқсан 2023
STEAM білім беру аймағы: тәжірибе мен инновация
Оқырмандар назарына STEAM білім беру бойынша ғалымдардың сараптамалық көзқарастары, отандық және шетелдік практик-мұғалімдердің зерттеу нәтижелері мен ұсыныстары беріледі. Оқу бағдарламасы аясында биология, физика және математиканы зерделеу әдістері, сондай-ақ оларды жаңа «бүтінге» біріктіру, бұл есептерді жан-жақты және жаһандық тұрғыдан қарастыруға және шешуге мүмкіндік береді.
№ 3 (45) - 3 тоқсан 2023
№ 4 (46) - 4 тоқсан 2023
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ XIV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Журналдың бұл нөмірінің материалдарында «НЗМ» ДББҰ XIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция секцияларының жұмысы аясында қарастырылған білім берудің өзекті мәселелері қарастырылады.