Педагогикалық шеберлік орталығының журналы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАЛОГ

Редакциядан
№1 (55) ШЫҒАРЫЛЫМ
Қазіргі кезде инклюзивті білім беру барлық оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктерін, қажеттіліктері мен әлеуетін ескеретін оқыту ретінде қарастырылып жүр. Бұл оқуда қиындықтары бар білім алушыларды қолдаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар дарынды оқушылардың дамуына жағдай жасауды да қамтиды. Ұсынылып отырған басылым материалдары инклюзия туралы осындай кең ауқымды түсінікті қамтиды.
Басылым мақалаларында сабақта қолжетімді оқу ортасын ұйымдастырудан бастап, шектеулі цифрлық ресурстар жағдайында оңтайлы шешімдер табуға және халықаралық тәжірибеге талдау жасауға дейінгі мәселелерді қамтитын практикалық және зерттеу тәжірибелері ұсынылған. Авторлар инклюзивті мектеп әрбір оқушы – маңызды тұлға, ал әртүрлілік ортақ даму ресурсы болып табылатын оқу кеңістігі екендігін көрсетеді. Мұғалім білімді таратушы ғана емес, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ескерілетін, әртүрлілікке қолдау көрсетілетін және өзара құрмет мәдениеті қалыптастырылатын білім беру ортасын ұйымдастырушы болып табылады.
Қазіргі заманғы мектепті әрбір оқушы тұлға ретінде қарастырылатын, пікірі тыңдалатын және қабылданатын мүмкіндіктер кеңістігіне айналдыруды қамтамасыз ету үшін күш-жігерді біріктіру аса маңызды болып отыр.
ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ






















ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР
«Педагогикалық диалог»































