РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
БАСЫЛЫМНЫҢ АТАУЫ | «Педагогический диалог», «Педагогикалық диалог», «Pedagogical dialogue»
|
БАСЫЛЫМ ТҮРІ | Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеріне арналған ақпараттық-әдістемелік журнал 2012 жылдан бастап шығады |
МЕНШІК ИЕСІ | «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі |
ТІРКЕУ | 08.06.2012 жыл Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті. «Педагогикалық диалог», «Педагогический диалог», «Pedagogical Dialogue» мерзімді басылымын есепке қою туралы №12804-Ж куәлігі |
ISSN КОДЫ | 28.06.2013 жыл Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, ISSN ұлттық орталығы. Журнал ISSN халықаралық сериялық басылымдар орталығында тіркелген (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция), ISSN халықаралық нөмірі 2308–7668. Журнал ISSN Сериялық басылымдардың халықаралық орталығында тіркелген (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция), ISSN 2308–7668. (ИСО 3297-98 халықаралық стандарты «Ақпарат және құжаттама» Сериялық басылымдардың халықаралық стандарттық нөмірі (ISSN)», халықаралық 7.56-2002 ГОСТ халықаралық стандарты «Сериалық басылымдардың халықаралық стандарттық нөмірі»). |
БАСЫЛЫМ ТІЛІ | қазақша, орысша, ағылшынша |
МЕРЗІМДІЛІГІ | тоқсанына 1 рет |
НЕГІЗГІ МАҚСАТ | заманауи педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін жариялау негізінде білім берудің озық әлемдік және отандық тәжірибесінің идеяларын тарату. |
СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕР |
|
МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ | ғалымдар, зерттеушілер, білім беру сарапшылары, әдіскерлер мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері. |
БАСЫЛЫМНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ | НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕР:
Білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізген Action Research (жеке тәжірибесін зерттеу (Іс-әрекеттегі зерттеу), Lesson Study (Сабақты зерттеу) зерттеулерінің нәтижелерін көрсететін жарияланымдар. 3. Ақпараттық парақтар, анонстар, хабарландырулар. |
РЕЦЕНЗИЯЛАУ | Рецензиялауды ұйымдастыру Рецензия – журналда жариялау үшін келіп түскен ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалаларға баға беріп талдау. Рецензияда басты қағида материалдың лайықты болуын және кемшілігін талдау,автордың көзқарасына қысқаша баға беру және автордың негізгі идеясына рецензенттің ғылыми негізделген қатынасын білдіру, олардың рецензенттің сеніміне сәйкес түсініктемесін шығару. Рецензия журналдың ғылыми-тақырыптық материал ретінде сәйкестігін белгілеу үшін редакция жүргізетін сараптаманың негізгі құжаты ретінде міндетті түрде қажет. «Педагогикалық диалог» журналында біржақты «соқыр» рецензиялау қалыптасқан (автор рецензенттің есімін білмейді). Рецензент ғылыми мақалалардың этика кодексін басшылыққа алады: құпиялық, объективтілік, бейтараптылық, түсініктілігі және өз пікірін білдірудің дәйектілігі, түпкі көздерді тану қағидасын сақтау Қолжазба мақалаларын бағалаудың негізгі критерилері болып табылады:
Рецензияның формасы А-қосымшасында берілген. Рецензент мақалада, журналдың кәсбилігі мен тақырыбында мазмұндалған материалмен сәйкестігін белгілеуі керек: мақала арналған проблеманы қысқаша сипаттауы тиіс; алынған нәтижелердің өзектілігі, түпнұсқалығы және мәнділігі деңгейін бағалау, ғылыми-теориялық ойлаудың заманауи жетістіктеріне сәйкестігі, тілі, стилі, материалдың оналасуы, кестелердің көрнекілігі, диаграммалары, суреттері мен формуласы тұрғысынан қолжетімділігі; оңтайлы жағын, сондай-ақ мақалалардың кемшілігін атап өту керек. Бұдан басқа, материалдың мазмұнын бағалауда материалды баяндау сапасын бағалау жүргізілетін болады: мақала көлемі, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аннотациялар мен ақпараттың, және түйінді сөздердің болуы, әдебиет тізімі мен мәтінде сілтемелердің болуы. Рецензияда ұсынылған мақалаларды жариялаудың мақсаттылығы туралы, болмаса айтылған есертпелер негізінде оны өңдеу қажеттілігі жөнінде ұсынымдар беріледі. Егер де рецензияда өңдеу және түзету қажеттілігі көрсетілсе, онда менеджер авторға рецензия мәтінін жібере отырып, мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде есепке алатын ұсыныстарын да айтады. Рецензент жариялауға ұсынбаған мақала қайта қаралмайды. Әрбір жекелеген жағдайларда рецензиялау мерзімі ұсынылған материалды сапалы талдау әрі мақаланы жедел жариялау мақсатында жеткілікті болуы тиіс. |
ЖАРИЯЛАУ ЭТИКАСЫ | Журналдың редакциялық саясаты қазақстандық ғылыми басылымдардың дәстүрлі этикалық қағидаттарына сәйке негізделеді, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК) қалыптастырған ғылыми жарияланымдардың этика кодексін қолдайды. 1. Редакция (редакторлар) Журнал редакциясы жариялау туралы шешім қабылдауы үшін жауапкершілік алады, онда авторлық құқыққа, заңдылығы мен плагиатқа қатысты өзекті заң талаптары ескеріледі. Редакция ұлтына, жынысына, авторлардың азаматтығына қарамастан қолжазбалардың зияткерлік мазмұнын бағалайды. Редакция үшінші тұлғаға авторларды, рецензенттерді, ғылыми кеңесшілерді қоспағанда, қабылданған қолжазба жайындағы ақпаратты қажеттілік болмайынша ашпайды. Ұсынылған қолжазбаны қарағанда алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімі болмайынша өзге мақсаттарға пайдалануға болмайды. Рецензиялау барысында және артықшылық мүмкіндігіне байланысты алынған ақпараттар мен идеялар құпия сақталуы тиіс. Редакторлар егер де бәсекелесу, бірлесу және басқа да өзара іс-қимыл салдарынан мүдделердің және авторларға, мүмкін қолжазбаға байланысты басқа да ұйымдарға қатысты дау-дамайлары болған жағдайды тең редакторлардан сұрауы тиіс. Редакция қаралған қолжазбалар мен жарияланған мақалаларға қатысты этикалық шағымдар болған жағдайда баламалы жауаптар беру шараларын қабылдайды. Жалпы айтқанда осындай шаралар қолжазба авторының өзара байланысын қамтиды және тиісті ұйымдармен және зерттеу орталықтарымен өзара іс-қимылдар жасауға жол береді. Редакция өзі дербес: – Құрылтайшы бекіткен тақырыптар, журналдың мамандануы мен бағыты аясында өз қызметін жоспарлау, оның мазмұны мен безендіру мәселелерін шешуге; – журналды өзі дербес тергізуге, басқызуға және жарыққа шығаруға қол қоюға; белгіленген тәртіпте журналдың оқырмандарымен хат алмасуға, олардың қызығушылықтары мен ұсыныстарын ескеруге құқылы. 2. Рецензенттер Рецензиялау жариялау туралы және автормен ынтымақтастық арқылы оларды жұмыс сапасын арттыруға қатысты редакцияға шешім қабылдауға көмектеседі. Рецензиялау – бұл формалды ғылыми коммуникациядағы қажетті буындардың бірі. Баспа барлық ғалымдардың тұрғысынан қарай отырып, олардың өз мақаласындағы мәтіндерінің мазмұнын жақсартқысы келетіндер үшін рецензентпен келісуі бойынша мәтінге толықтырулар мен өзгерістер енгізуге тиісті. Қолжазбаны қарау үшін біліктілігі жетіспейтінін сезінетін кез келген таңдалған немесе жұмысты тез орындау үшін жеткілікті уақыты жоқ рецензент бұл туралы журнал редакциясына алдын ала хабарлауы тиіс және тиісті қолжазбаны рецензиялау процесінен өзін алып тастауды немесе ауыстыруды сұрауы керек. Рецензиялау үшін алынған кез келген қолжазба құпия құжат ретінде қаралуы тиіс. Аталған жұмысты редакция өкілеттігіне қатысы жоқ кез келген тұлғаға ашуға әрі талқылауға болмайды. Рецензент объективті баға беруге міндетті. Автордың жеке сыны қабылдауға келмейді. Рецензенттер өзінің пікірін түсінікті әрі дәлелмен келтіруі тиіс. Рецензенттер тиісті тақырыпқа сәйкес және қолжазба библиографиясына енгізілмеген маңызды жарияланған жұмыстарды табуды көздейді. Бұрын жарияланған және тақырыпқа сәйкес кез келген тұжырым (қадағалау, қорытынды немесе дәлел) бойынша қолжазбада тиісті библиографиялық сілтеме болуы тиіс. Рецензент сондай-ақ рецензенттің ғылыми құзыреттілігі саласында қаралатын қолжазба мен кез келген басқа да жарияланған жұмыстар арасындағы біршама ұқсастықты немесе сәйкестікті табуға назар аударуы керек. Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімі болмайынша жеке зерттеулерге пайдалануға болмайды. Рецензиялау барысында және артықшылығы бар мүмкіндікке байланысты алынған ақпараттар мен идеялар құпия сақталуы тиіс және жеке пайда алу мақсатында пайдаланбау керек. Рецензенттер ұсынылған жұмысқа байланысты кез келген авторлармен, компаниялармен немесе басқа ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимылдар мен қатынастар салдарынан мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаларды қарауға қатыспауы тиіс. Рецензент себебін түсіндіре отырып, оған жіберілген мақаланы қараудан бас тартуға құқылы. 3. Авторлар Авторлар тек түпнұсқаны зерттеуе мұқият тексерілген сенімді нәтижелерін және олардың объективті талқылауын қамтамасыз етуі керек. Ғылыми шолулар мен мақалалар дәл және объективті болуы тиіс. Авторлар редакцияға түпнұсқа жұмысты ұсынуы керек, егер басқа авторлардың мәлімдемелері және/ немесе жұмыстары қолданылса, дәйексөздерді тиісті түрде (қолданыстағы жалпы ережелерге сәйкес) рәсімдеп, нақты библиографиялық сілтемелерді көрсетуі қажет. Плагиат барлық нысандарда (басқа біреудің жұмысын авторлық құқық ретінде ұсынудан, басқа адамдардың жұмысының маңызды бөліктерін көшіруден немесе парафразалаудан (авторлықты көрсетпестен) және басқа адамдардың зерттеу нәтижелеріне өз құқықтарын мәлімдеуге дейін) этикаға қайшы, заңсыз әрекеттер ретінде қарастырылады. Автор бірнеше журналда бір зерттеуді (немесе оның бір бөлігін) сипаттайтын қолжазбаны түпнұсқа басылым ретінде орналастырмауы тиіс. Бір уақытта бірнеше журналға бірдей қолжазбаларды ұсыну этиканы бұзу болып табылады. Жалпы жағдайда автор бұрын жарияланған мақаланы басқа журналға қарауға ұсынбауы керек. Авторлар жарияланымнан кейін өз мақалаларын қайта пайдалануға, қайта басып шығаруға, мұрағаттауға және таратуға құқылы. Жариялауға ұсынылған жұмыстың орындалуы мен нәтижелеріне әсер еткен ғылыми дереккөздерге сілтемелер түрінде авторлық зерттеуге басқа адамдардың қосқан үлесін әрдайым көрсету қажет. Жеке алынған деректер, мысалы, әңгімелесу, хат алмасу барысында немесе үшінші тараптармен талқылау процесінде бастапқы дереккөздің жазбаша рұқсатынсыз пайдаланылмауы немесе ұсынылмауы тиіс. Қолжазбаларды бағалау немесе гранттар беру сияқты құпия көздерден алынған ақпаратты құпия дереккөздерге қатысты жұмыс авторларының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Зерттеудің дизайнын қалыптастыруға, оны әзірлеуге, нәтижелерді орындауға немесе түсіндіруге айтарлықтай үлес қосқан адамдар ғана басылымның бірлескен авторлары бола алады. Бірлескен авторлар басылымның соңғы нұсқасымен танысып, мақұлдауы керек. Егер жұмыста адамдардың зерттеу объектілері ретінде қатысуы көзделсе, авторлар қолжазбада зерттеудің барлық кезеңдері зерттеу ұйымдарының заңнамасы мен нормативтік құжаттарына сәйкес келетіндігін, сондай-ақ тиісті құрылымдармен мақұлданғанына көз жеткізуі керек. Қолжазбада зерттеу нысаны болған барлық адамдардан ақпараттандырылған келісім алынғаны анық көрсетілуі керек. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқықтарының сақталуын үнемі қадағалап отыру қажет. Жарияланған жұмыстарда елеулі қателер анықталған жағдайда, автор бұл туралы басылымды тезірек алып қою немесе журналды көшіруге дейінгі мерзімде қателерді түзету мақсатында редакцияға хабарлауға тиіс. 4. Басқадан алып пайдалану және плагиат «Педагогикалық диалог» журналының редакция алқасы мақаланы қарау кезінде Антиплагиат жүйесінің көмегімен материалды тексереді. Көптеген басқадан алып пайдалану анықталған жағдайда (60%-дан астам) редакция жұмысты жариялауға қабылдамайды. 5. Препринт пен пострпринтті орналастыру саясаты Қолжазбаны редакцияға жіберген кезде автор мақаланың басқа ғылыми журналда жарияланбағанын немесе жариялауға қабылданбағанын растауы керек. «Педагогикалық диалог» журналында басылған мақалаларға сілтеме жасаған кезде баспагер журналдың ресми сайтына сілтеме жасауды сұрайды. Препринт (Preprint) — журнал редакторлары жүргізетін сараптамалық сілтеме процедурасы үшін қарастырылған қолжазбаның немесе ғылыми мақаланың (баяндама тезисі, конференция, диссертация және т.б.) жобасы. Постпринт (Postprint) – рецензиялаудың сараптамалық рәсімінен өткен, ресми жарияланған ғылыми материал болып табылатын ғылыми мақала. Постпринт ғылыми басылымның авторлық қолжазбасын да, баспаның редакторлық жұмысын да қамтиды – қолжазбаны пішімдеу және басып шығаруға дайындау. 6. Редакциялық саясаттың құқықтық негіздері Авторлық құқық мақала авторларына тиесілі. «Педагогикалық диалог» журналының материалдарын пайдалануға айрықша құқықтар құрылтайшы және баспагер ретінде «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ тиесілі. Білім беру немесе зерттеу мақсатында қабылданатын материалдарды толық немесе ішінара қайта басып шығару құқық иесі мен мақала авторларының аты-жөнін міндетті түрде көрсете отырып, журналдың шығуына сілтеме жасау арқылы ғана мүмкін болады. Журналда жарияланған мақалалар негізінде жаңа, шығармашылық тәуелсіз туындылар жасау, мақалалардың үзінділеріне сілтеме жасау немесе аудару кезінде оларды дәйексөздеу мақсатында дәйексөз ережелерін сақтай отырып, бастапқы дереккөздерге сілтеме жасау қажет. 7. Кәсіби кодекс Редакция қызметкерлері жарияланымдарды дайындау кезінде кәсіби қызметтің мынадай қағидаттарын басшылыққа алады: - жарияланым авторларының жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын құрметтеу; - ақпарат алудың заңсыз және этикалық емес әдістерінен аулақ болу; - мақсатты аудиториялардың әлеуметтік-мәдени құндылықтарын басшылыққа алу; - проблемалық жағдайды сипаттау кезінде әртүрлі көзқарастарды білдіру. Журналдың редакциялық саясаты ғылыми мерзімді басылымдардың жетекші баспагерлерінің қауымдастығы қолдайтын заңнамада және этикалық қағидаттарда көрсетілген авторлық құқыққа, заңдылыққа және плагиатқа қатысты заманауи талаптарға негізделген. Рецензиялауды ғылыми ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етудегі маңызды буын ретінде қарастыра отырып, редакция рецензенттерге өз пікірін білдірудің құпиялылығын, объективтілігін, бейтараптығын, айқындылығы мен дәлелдемелерін сақтау, бастапқы көздерді тану қағидатын сақтау бойынша талаптар қояды. Өз материалдарын журналда жариялауға ұсынатын авторлардан редакция келесі қағидаттардың сақталуын күтеді: - зерттеу тақырыбының өзектілігі мен ғылыми жаңалығы, зерттеу мәселелерінің өзіндік ерекшелігі және қолданылған зерттеу әдістері; - ғылыми тұжырымдардың салмағы және зерттеудің маңыздылығын объективті талқылау; - ғылыми және эксперименттік жұмыстың нәтижелері мен зерттеулерінің дұрыстығын қамтамасыз ету; - аудиторияның ақпараттық сұраныстарына және жанрлық талаптарға сәйкестігі; - деректерді ұсынудың қателіктері; - пайдаланылған жұмыстарға библиографиялық сілтемелердің міндетті түрде болуы; - зерттеуге елеулі үлес қосқан барлық қатысушылардың бірлескен авторлары ретінде ұсыну. Журналда білім берудегі озық технологиялар мен жетістіктерге арналған жарнамалық материалдар, маңызды оқиғалар мен ғылыми конференциялар туралы ақпараттық хабарламалар жариялануы мүмкін. |
ЖУРНАЛ КӨЛЕМІ | Журналдың бір нөмірінің жалпы көлемі – 130 бет. Бөлімдер мазмұнының көлемі қатаң шектелмейді және әр нөмірде әр түрлі болуы мүмкін. |
БАСЫЛЫМДА АҚПАРАТ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ | Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта маңызды оқиғалар, процестер, құбылыстар туралы ақпарат. Журналдың тақырыптық бағытына сәйкестігі: журналдың әрбір жеке нөмірінде мақалаларды қарайтын, рецензиялайтын және жариялайтын өзіндік қызығушылық саласы бар. Талдау тәсілі: таңдалған мәселелердің ағымдағы және перспективалық жағдайын қарастыруға баса назар аудару. Қолданбалы сипаты: тек іргелі деректерге ғана емес, сонымен қатар эксперименттік дәлелденген зерттеу нәтижелеріне де назар аудару. Беделі мен дұрыстығы: ұсынылған ақпаратты оқырмандардың кәсіби аудиториясы бағалайды, сондықтан ол өте дұрыс болуы тиіс. Ұсынудың конструктивтілігі: фактілер мен салмақты пікірлерге негізделген мәселелерді талқылау, сонымен қатар оқу процесінде проблемаларды шешудің сындарлы тәжірибесінің мысалдары. Авторлық таныстырылым: басылым басқа БАҚ-та жарияланған материалды қайта басып шығаруға жол бермейді. Басылым талаптарына сәйкестігі: материалдар редакциялық алқа қойған талаптарға сәйкес дайындалуы тиіс. Бастапқы дереккөздерді тану Жариялауға ұсынылған жұмыстың орындалуы мен нәтижелеріне әсер еткен ғылыми дереккөздерге сілтемелер түрінде авторлық зерттеуге басқа адамдардың қосқан үлесін әрдайым көрсету қажет. Жеке алынған деректер, мысалы, әңгімелесу, хат алмасу барысында немесе үшінші тараптармен талқылау процесінде бастапқы дереккөздің жазбаша рұқсатынсыз пайдаланылмауы немесе ұсынылмауы тиіс. Қолжазбаларды бағалау немесе гранттар беру сияқты құпия көздерден алынған ақпаратты құпия дереккөздерге қатысты жұмыс авторларының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға болмайды. Жарияланымның авторлығы Зерттеудің дизайнын қалыптастыруға, оны әзірлеуге, нәтижелерді орындауға немесе түсіндіруге айтарлықтай үлес қосқан адамдар ғана басылымның бірлескен авторлары бола алады. Зерттеуге елеулі үлес қосқан барлық қатысушылар бірлескен авторлар құрамымен келісуі керек және барлық бірлескен авторлар басылымның соңғы нұсқасымен танысып, мақұлдауы тиіс. |
ФОРМАТЫ | 60x84/8 цифрлық басып шығару цифрлық баспасы 60х84/8 |
ПАРАҚТАР САНЫ | 130 |
КУӘЛІК:
ISSN:
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
РЕДАКЦИЯ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
070000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Хусейн бен Талал к-сі, 21/1
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі, Баспа және имидждік қолдау бөлімі
Тел.: 8 (7172) 235744
E-mail: ped.dialogue@cpm.kz
ЖАЗЫЛЫМ:
Басылым нөмірлерінің баспа данасын алу үшін «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналына жазылу Қазақстан Республикасының Ұлттық пошта байланыс операторы «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
«Қазпочта» АҚ электрондық каталогындағы жазылу индексі 76195.