Image

БІЗ ТУРАЛЫ

 

Құрылу тарихы

2011 жылы 15 маусымда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (ПШО) құрылды. Қазақстан мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың жаңа форматы елімізге қажет болды және әлемде жоғары ықылас туғызды.

Миссия

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту үшін отандық және халықаралық озық тәжірибені, адами және әдіснамалық ресурстарды қолдану.

Пайымдауы

Еліміздегі педагогтерді кәсіби дамыту мәселесі бойынша көш бастаушы ұйым болу және халықаралық рынокта білім берудегі қызмет көрсетуді белсенді алға жылжыту.

 

Біздің жетістіктер

diplom 2023

diploma1 1 diploma2 1

ЖУРНАЛ ТУРАЛЫ

NIS Педагогикалық шеберлік орталығының «Педагогикалық диалог» журналы 2012 жылдан бастап Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесе шығарылады. Журнал нөмірлері жылына 4 рет баспа және электронды түрде шығарылады. Материалдар басылымға тегін қабылданады.

Журналдың баспа нұсқасы шектеулі таралыммен шығарылады. Журналды пошта арқылы жеткізу «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Журнал сайты: https://www.pd.cpm.kz

Басылым иесі – NIS «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің мерзімді басылымды есепке қою туралы 08.06.2012 ж. №12804-Ж куәлігі бар.

Журнал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

ISSN 2308-7668 халықаралық стандартты сериялық нөмірі бар.


issn

«Педагогикалық диалог» журналы келесі бағыттарда жазылған ғылыми мақалаларды жариялайды:

  • Білім берудегі көшбасшылық және менеджмент
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Цифрлық білім беру
  • Педагогтердің кәсіби дамуы
  • Мектептегі зерттеу
  • Мектепте оқыту және оқу
  • Оқушылардың тәрбиесі мен игілігі
  • Инклюзивті білім беру

Мақсатты аудитория

Журнал орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне, Қазақстанның жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, аналитикалық және қоғамдық білім беру ұйымдарының зерттеушілеріне, талдаушылары мен практиктеріне, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы білім беруді дамыту проблемаларына қызығушылық танытатын қалың оқырман қауымға арналған ақпараттық-әдістемелік басылым.

Жариялау мерзімі

Журнал саны

Мақалаларды қабылдау

Мақалаларды қарастыру

Журналдың шығу мерзімі

№ 1

13 ақпанға дейін

14–28 ақпан

Наурыз

№ 2

15 мамырға дейін

16–31 мамыр

Маусым

№ 3

14 тамызға дейін

15–31 тамыз

Қыркүйек

№ 4

13 қарашаға дейін

14–30 қараша

Желтоқсан

0
ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР МЕН МАТЕРИАЛДАР