2025 №3 / Технологиялар мен құндылықтардың үйлесімі: оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту

Технологиялар мен құндылықтардың үйлесімі: оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту

Автор: Сейтахметова Жанат Маратқызы, Сейлгазинова Әсем Мамырбекқызы

DOI: 10.62670/2308-7668.2025.53.3.011

Дереккөз: 53 шығарылым, № 3, 13 қазан 2025 ж.

Басып шығарушы: "Педагогикалық шеберлік орталығы" ЖМ

Құжат түрі: Практикалық мақала

Аннотация

Мақалада оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту процесіне құндылық компонентін интеграциялау мәселесі қарастырылады. Авторлар Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен ауылдық тірек мектеп – Шығыс Қазақстан облысының №1 Марқакөл орта мектебі базасындағы «Ugrade» сыныптан тыс клубы шеңберінде құндылықтар мен практикалық тәжірибеге негіздей отырып жоғары сынып оқушыларының цифрлық құзыреттілік моделін енгізу нәтижелерін ұсынады. Мақалада цифрлық азаматтықты қалыптастыруда құндылыққа бағдарланған тәсілдеменің тиімділігін растайтын Teacher Self-Disclosure, Positive Reinforcement және Career Talks педагогикалық стратегияларын тиімді қолдану мысалдары ұсынылады.
 

Түйін сөздер: цифрлық құзыреттілік, цифрлық азаматтық, құндылықтар, клубтық модель, педагогикалық стратегиялар

 

Әдебиеттер

1. Livingstone, S. (2014) Developing social media literacy: How children learn to interpret risky opportunities on social network sites. Communications. The European Journal of Communication Research, 39(3): 283–303.
2. Helsper, E. (2021). The digital disconnect. SAGE Publications Ltd, https://doi.org/10.4135/9781526492982
3. DigComp 2.2: The Digital Competence Framework for Citizens. (2022). European Commission
4. European e-Competence Framework (e-CF). (2021). CEN.
5. Nazarbayev Ziyatkerlik mektepteri oqushylarynyn’ “Adal azamat” birtutas damu tuzhyrymdamasy [The unified development concept of Nazarbayev Intellectual Schools students as “Honest Citizens”] Electronic resource. – URL: https://www.nis.edu.kz/storage/files/01JRA25QZFD0TKXDFWA0W39D1T.pdf