2025 №1 / Эмоционалдық интеллектінің командалық жұмыс тиімділігіне әсері

Эмоционалдық интеллектінің командалық жұмыс тиімділігіне әсері

Авторлары: Шакимова Дарияш Дәрібайқызы

DOI: 10.62670/2308-7668.2025.51.1.006

Дереккөз: 51 шығарылым, № 1, 07 сәуір 2025 ж.

Басып шығарушы: "Педагогикалық шеберлік орталығы" ЖМ

Құжат түрі: Зерттеу мақаласы

Аннотация

Бұл мақалада эмоционалдық интеллектінің команданың динамикасына, ынтымақтастығына және жалпы өнімділігіне қалай әсер ететіні қарастырылды. Мақаланың мақсаты – команданың сипаттамалары, эмоционалдық интеллект, стреске төзімділік және олардың команданың тиімділігіне әсері арасындағы байланыс туралы түсінікті тереңдету. Осы мақсатта команда жұмысының тиімділігіне эмоционалдық интеллектінің ықпалы туралы зерттеулерге шолу жасалып, командалардағы эмоционалдық интеллект деңгейін зерттеудің маңыздылығы негізделді. Эмоционалдық интеллект деңгейін бағалауға болатын негізгі әдістер сипатталды, деректер жинаудың сандық тәсілі қолданылды.
Зерттеуге Астана қаласындағы Педагогикалық өлшеулер орталығының қызметкерлері қатысты. Н. Холл ұсынған эмоционалдық интеллект бойынша тестілеу арқылы команданың эмоционалдық интеллект деңгейі айқындалды. Алынған қорытындылар негізінде командадағы эмоционалдық интеллектіні дамыту үшін оқыту жоспарланды.
 

Түйін сөздер: эмоционалдық интеллект, команда, тиімділік көрсеткіштері, стреске төзімділік

 

Әдебиеттер

 
1. Davaei, M., Gunkel, M. The role of intelligences in teams: a systematic literature review. Rev Manag Sci 18, 259–297 (2024). https://doi.org/10.1007/s11846-023-00672-7
2. Doroshkevych, D., & Ilyash, O. (2020). The Investigation of Emotional Intelligence Level in Non-Government Organization with the Use of Hall’s Test. The Journal of International Scientific Researches, 5(Ek), 6-14. https://doi.org/10.23834/isrjournal.709199
3. Сабирова, Ж., & Шугаева, Г. (2022). Эмоциональный интеллект и упражнения для его развития. Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова, 66(3), 64–74. https://doi.org/10.47649/vau.2022.v66.i3.06
4. Al-Dhuhouri, F.S., Alshurideh, M., Al Kurdi, B., Salloum, S.A. (2021). Enhancing Our Understanding of the Relationship Between Leadership, Team Characteristics, Emotional Intelligence and Their Effect on Team Performance: A Critical Review. In: Hassanien, A.E., Slowik, A., Snášel, V., El-Deeb, H., Tolba, F.M. (eds) Proceedings of the International Conference on Advanced Intelligent Systems and Informatics 2020. AISI 2020. Advances in Intelligent Systems and Computing, vol 1261. Springer, Cham. https://doi.org/10.1007/978-3-030-58669-0_58
5. Macht, G. A., Nembhard, D. A., & Leicht, R. M. (2019). Operationalizing emotional intelligence for team performance. International Journal of Industrial Ergonomics, 71, 57–63. https://doi.org/10.1016/j.ergon.2019.02.007
6. Emotional intelligence: a primer. Written by Нicholas hall. Positive Psychology News, 2007.