2025 №3 / Орта және жоғары білім беруде диалогтік зерттеу арқылы ЖИ-сауаттылықты қалыптастыру

Орта және жоғары білім беруде диалогтік зерттеу арқылы ЖИ-сауаттылықты қалыптастыру

Автор: Кок-Синг Тан

DOI: 10.62670/2308-7668.2025.53.3.004

Дереккөз: 53 шығарылым, № 3, 13 қазан 2025 ж.

Басып шығарушы: "Педагогикалық шеберлік орталығы" ЖМ

Құжат түрі: Зерттеу мақаласы

Аннотация

Генеративті жасанды интеллект құралдары (GenAI), оның ішінде ChatGPT білім беру тәжірибесінде кеңінен қолданысқа еніп жатқан қазіргі уақытта оқушылардың ЖИ-сауаттылығын дамыту өзекті қажеттілікке айналып отыр. Мақалада педагогтер үлкен тілдік модельдерді (LLM) білімді бірлесіп меңгерудегі диалогтік серіктес ретінде қарастыра отырып ЖИ-сауаттылықты қалыптастыруға қалай ықпал ете алатыны зерделенеді. ЖИ-сауаттылықты білім беру мақсаты ретінде айқындаумен қатар, мақалада диалогтік зерттеуді ЖИ-сауаттылыққа қол жеткізудегі педагогикалық тәсіл ретінде қолдану ұсынылады. Бахтин ұсынған гетероглоссия тұжырымдамасына сүйене отырып, диалогтік зерттеу арқылы ЖИ беделді ақпарат дереккөзі ретінде емес, ой пайымдауға, әртүрлі көзқарастарды қабылдауға, дәлелдер келтіруге және креативті ойлауға ықпал ететін диалогтік серіктес ретінде қарастырылады. Диалогтік зерттеу тәсілінің тәжірибе жүзінде қолданылуын көрсету үшін мақалада «Жаратылыстану пәні бойынша диалогтік мұғалім» (Dialogic Science Teacher, DST) деп аталатын GenAI чат-ботын қолдану бойынша оқу зерттеуінің нәтижелері қарастырылады.
 

Түйін сөздер: ЖИ-сауаттылық, диалогтік зерттеу, гетероглоссия, білім берудегі ЖИ, сыни ойлау

 

Әдебиеттер

1. Cooper, G., Tang, K.S, & Rappa, A. (2024). Generative artificial intelligence as epistemic authority? Perspectives from higher education. In: Crompton, H. & Burke. D. (Eds) Artificial Intelligence Applications in Higher Education: Theories, Ethics, and Case Studies for Schools. (pp.106–122). Routledge.
2. Tang, K.S. (2025). AI-textuality: Expanding Intertextuality to Theorize Human-AI Interaction with Generative AI, Applied Linguistics. https://doi.org/10.1093/applin/amaf016
3. Bakhtin, M. M. (1981). The dialogic imagination: four essays. University of Texas Press.
4. Kristeva, J. (1980). Desire in language: A semiotic approach to literature and art. Columbia University Press.
5. Wegerif, R. (2011). Towards a dialogic theory of how children learn to think. Thinking Skills
and Creativity, 6(3), pp. 179–190. https://doi.org/10.1016/j.tsc.2011.08.002
6. González-Howard, M., & McNeill, K. L. (2020). Acting with epistemic agency: Characterizing student critique during argumentation discussions. Science Education, 104(6), pp. 953–982.
7. Mortimer, E. F., & Scott, P. (2003). Meaning making in secondary science classrooms.
Open University Press.
8. Tang, K.S. (2024). Informing research on generative artificial intelligence from a language and literacy perspective: A metasynthesis of studies in science education, Science Education, 108(5), pp. 1329–1355. https://doi.org/10.1002/sce.21875
9. Tang, K.S. & Putra B. (2025). Generative AI as a dialogic partner: Enhancing multiple
perspectives, reasoning, and argumentation in science education with customized chatbots. Journal of Science Education & Technology. https://doi.org/10.1007/s10956-025-10240-1