2025 №2 / Ауыл мектептеріндегі позитивті бейбітшілікке баулитын білім беру: құрылымдық және мәдени зорлық-зомбылықты шешудегі мұғалімдердің тәуелсіздігін тану

Ауыл мектептеріндегі позитивті бейбітшілікке баулитын білім беру: құрылымдық және мәдени зорлық-зомбылықты шешудегі мұғалімдердің тәуелсіздігін тану

Авторлары: Арыстанбек Айзат Асқарбекқызы, Сеитова Нұрайым Тлеубергенқызы, Линн Кай Парментер, Төлеу Гульбагира Ғабитқызы

DOI:  10.62670/2308-7668.2025.52.2.005

Дереккөз: 52 шығарылым, № 2, 15 маусым 2025 ж.

Басып шығарушы: "Педагогикалық шеберлік орталығы" ЖМ

Құжат түрі: Зерттеу мақаласы

Аннотация

Бұл мақалада ауыл мектептерінің мұғалімдері өз мектептерінде Позитивті бейбітшілікке баулитын білім беру (Positive Peace Education (РРЕ) бойынша Іс-әрекеттегі зерттеу жобаларын қалай әзірлеп, жүзеге асырғаны және олардың бұл жұмысының тікелей, құрылымдық және мәдени қысым мен зорлық-зомбылыққа қарсы трансформациялық әсері қарастырылады. Зерттеу нәтижелері ауыл мұғалімдерінің жергілікті проблемалар мен теңсіздіктерді анықтап, оларды нақты жағдаятқа сәйкес тиімді түрде шешудегі қабілеті мен әлеуеті жоғары екендігін көрсетті. Мұғалімдер өздерінің Іс-әрекеттегі зерттеу жобаларында жазалау тәсілдерінен қарым-қатынасқа негізделген әдістерге көшіп, оқушыларға «таңба тағу» сияқты құрылымдық тәжірибелерге қарсы шығып, мектептегі мәдени зорлық-зомбылық мәселесін көтерді.
Зерттеу тобының қолдауымен олар бұл жұмысты сыртқы нұсқауларға немесе ұлттық реформаларды орындауға бағытталған талаптарға емес, өз бастамаларына, ішкі әлеуетіне, қарым-қатынастарына және құндылықтарына сүйене отырып жүзеге асырды. Бұл мақалада біз позитивті бейбітшілік тәрбиесі мұғалімдердің әрекет ету еркіндігін дамытады деп пайымдаймыз, себебі ол күнделікті өмірде қалыпты құбылыс ретінде қабылданатын зорлық-зомбылықты тани білуге және онымен күресуге мүмкіндік береді.
Мақалада PPE әдісі мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсетіп, жақсы өмір сүру сапасын, жанашырлықты, құндылықтарды, теңдікті және азаматтықты ілгерілетуге арналған, әсіресе материалдық және адами ресурстар шектеулі, бірақ қарым-қатынас әлеуеті жоғары ауылдық ортада қолдануға қолайлы, шығыны аз және контекске сай тәсіл ретінде қарастырылады.
 

Түйін сөздер: позитивті бейбітшілік, мұғалімдердің әрекет ету еркіндігі, ауыл мектептері, білім берудегі теңсіздік, Іс-әрекеттегі зерттеу

 

Әдебиеттер

 
1. Galtung, J. (1969). Violence, peace, and peace research. Journal of Peace Research, 6(3), 167–191. https://doi.org/10.1177/002234336900600301
2. Harris, I. M. (2004). Peace education theory. Journal of Peace Education, 1(1), 5–20. https://doi.org/10.1080/1740020032000178276
3. Cremin, H., & Bevington, T. (2017). Positive Peace in Schools: Tackling conflict and creating a culture of peace in the classroom. Routledge.
4. Roberts, P., & Fuqua, M. (Eds.). (2021). Ruraling education research: Connections between rurality and the disciplines of educational research (1st ed.). Springer Singapore. https://doi.org/10.1007/978-981-16-0131-6
5. Nurbayev, Z. (2021). Inequality between students of rural and urban schools in Kazakhstan: Causes and ways to address it. Central Asia Program.