2025 №2 / Өркендеуге шабыттандыру: жетекші мектеп мұғалімінің рөлі
Өркендеуге шабыттандыру: жетекші мектеп мұғалімінің рөлі
Авторлары: Батырбаева Надия Қадырқызы, Завертунова Наталья Николаевна, Малмасова Айнагүл Аманбайқызы
DOI: 10.62670/2308-7668.2025.52.2.006
Дереккөз: 52 шығарылым, № 2, 15 маусым 2025 ж.
Басып шығарушы: "Педагогикалық шеберлік орталығы" ЖМ
Құжат түрі: Талдау мақаласы
Аннотация
Мақала Қазақстандағы білім беру жүйесін трансформациялау жағдайындағы, әсіресе ауылдық жерлердегі шағын жинақты мектептер контексіндегі өзгерістер агенті ретінде педагогтің рөлін талдауға арналған. Зерттеу жетекші мектеп мұғалімінің тәлімгер және желілік өзара әрекеттестікті ұйымдастырушы рөлін зерделеуге баса назар аударады. Смирнов мектеп-гимназиясы базасында жүргізілген эмпирикалық зерттеудің нәтижелері, оның ішінде сауалнама, сұхбат және құжаттамалардың талдауы ұсынылған. Оқыту тәжірибесіндегі оң өзгерістер, ауыл мұғалімдерінің кәсіби қызметтегі сенімділігі мен белсенділігі артқаны айқындалды. Тұлғалық-кәсіби қасиеттер мен құзыреттерді, көшбасшылық функциялар мен рөлдерді, ықпал ету тетіктері мен бейімделуді қамтитын өзгерістер агенті болып табылатын педагог моделі ұсынылған. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерге қолдау көрсетудің және білім берудегі тұрақты өзгерістер енгізу үшін мектепаралық ынтымақтастықты институционализациялаудың маңыздылығы атап көрсетілді.
Түйін сөздер: педагог – өзгерістер агенті, желілік өзара әрекеттестік, педагогикалық көшбасшылық, шағын жинақты мектептер
Әдебиеттер
2. Michael Fullan The New Meaning of Educational Change. Teachers College Press, 2015.
3. Kanay G., Frost D., Zakaeva G., Kalikova S. Liderstvo uchitelei Kazakhstana [Teacher leadership in Kazakhstan]. – Almaty: Zhibek Zholy Publishing House, 2023. – 268 p. [in Russian].
4. Ainscow, M. Towards Self-improving School Systems: Lessons from a City Challenge. Routledge, 2015.
5. Hopkins, D. System Leadership for Educational Improvement. Springer, 2011.
6. Hargreaves, A., & Fink, D. Sustainable leadership. – San Francisco: Jossey-Bass, 2006.