«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИАЛОГ»
АҚПАРАТТЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖУРНАЛЫ БАСЫЛЫМЫНЫҢ
2026 жылға арналған
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖӘНЕ БАСЫП ШЫҒАРУШЫ: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің білім беру факультеті
ТІЛІ: қазақ, орыс, ағылшын
ЖИІЛІГІ: тоқсанына 1 рет
№ 1 (55) - 1-тоқсан 2026
Бірлесе оқу: инклюзивтілік және тең мүмкіндіктер

№ 1 (55) - 1-тоқсан 2026
№ 2 (56) - 2-тоқсан 2026
Action Research

Бұл нөмірде педагогикалық қызметті жүйелі түрде зерттеу және зерделеу арқылы білім беру тәжірибесін жетілдіруге бағытталған зерттеу тәсілі — Action Research қарастырылады. Білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді анықтап, оларды нақты білім беру ортасы жағдайында тиімді шешу жолдарын таба алатын зерттеуші-педагогтің рөліне ерекше назар аударылады.
Action Research әдіснамасы мен тәжірибесіне, кәсіби рефлексия мәселелеріне, білім беру инновацияларын енгізуге, сондай-ақ педагогикалық өзгерістер нәтижелерін және олардың оқыту сапасына әсерін талдауға арналған мақалалар қабылданады.
№ 3 (57) - 3-тоқсан 2026
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ халықаралық конференциясы

№ 3 (57) - 3-тоқсан 2026
№ 4 (58) - 4-тоқсан 2026
Жасанды интеллектіні оқу процесіне кіріктіру

Оқытуды дербестендіру мақсатында интеллектуалдық жүйелерді пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады. Оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыруға және ЖИ құралдарымен жұмыс істеуде сыни ойлауды дамытуға ерекше назар аударылады.
Білім беру процесіне жасанды интеллектіні кіріктіру оқыту сапасын жақсартуға, білімнің қолжетімділігін кеңейтуге және оқушыларды қоғамда өмір сүруге даярлауға бағытталған стратегиялық қадам ретінде қарастырылады. Оқу тәжірибесінде ЖИ-ді тиімді қолданудың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету және этикалық реттеу қажеттілігі атап көрсетіледі. Футуролог Юваль Ной Хараридің пікірінше, машиналар логика жағынан бізден жоғарырақ болады. Бірақ эмпатия, этика және шығармашылық жағынан адамнан әлсіз болады. Келешекте бәсекелестік дәл осы салада туындайды.