2025 №4 / Технологиялар мен құндылықтардың үйлесімі: оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту

Технологиялар мен құндылықтардың үйлесімі: оқушылардың цифрлық құзыреттілігін дамыту

Авторы: Қалиханова Шұғыла Ерғалиқызы, Ысқақов Нұрлан Мендібайұлы, Қашаулиева Гүлмира Көкталқызы

DOI: 10.62670/2308-7668.2025.54.4.011

Дереккөз: 54 шығарылым, № 4, 08 қаңтар 2026 ж.

Басып шығарушы: "Педагогикалық шеберлік орталығы" ЖМ

Құжат түрі: Тәжірибелік-талдамалық мақала

Аннотация

Мақала авторлары педагогикалық қайта даярлау курстары тыңдаушыларының педагогикалық тәжірибесі аясында менторлық қызмет тәжірибесін ұсынады. Жұмыста сабақтарды бақылау нәтижелері мен тыңдаушыларға берілген сындарлы кері байланыс талданады. Бақылау барысында тиімді оқыту стратегияларын анықтау, оқу үдерісін басқару және оқушылармен өнімді өзара әрекет орнату сияқты негізгі кәсіби құзыреттердің қалыптасу динамикасы айқындалды. Зерттеу нәтижелері жүйелі бақылау мен сындарлы кері байланыстың педагогикалық шеберлікті дамытуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Әсіресе, ұсыныстар мен кері байланыс алғаннан кейін тыңдаушылар сабақ жоспарлауына өзгерістер енгізіп, рефлексия, бағалау және оқушылармен қарым-қатынас дағдыларын жетілдірді. Мақалада нәтижелер практикалық мысалдар, аналитикалық тұжырымдар, графиктер мен кестелер арқылы ұсынылған. Бұл тәжірибе тыңдаушылардың педагогикалық құзыреттілігін нығайтып, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етті.
 

Түйін сөздер: сабақты бақылау, сындарлы кері байланыс, педагогикалық практика, тренерлік қолдау

Әдебиеттер

1. “Pedagogterdi qaita dayarlau kurstary” bagdarlamalyq materialy, A. Margulan atyndagy PPU ishki normativtik quzhattary [Program materials of the “Teacher Retraining Courses” and the internal regulatory documents of Pavlodar Pedagogical University named after A. Margulan (PPU)], 2025. [in Kazakh].
2. Hattie, J., & Timperley, H. (2007). The Power of Feedback. Review of Educational Research, 77(1), 81–112.
3. Chernyavskaya A.P. (2016). Pedagogicheskoe nabludenie: osnovy teorii i praktiki. [Pedagogical
observation: fundamentals of theory and practice]. Moscow: Academy. [in Russian].
4. Scherbakov A.I. (1990). Psikhologicheskie osnovy sovershenstvovaniya podgotovki uchitelei v sisteme vysshego obrazovaniya. [Psychological Foundations for Improving Teacher Training in the Higher Education System. Moscow: Prosveshchenie] [in Russian].
5. Brookhart, S. M. (2018). Feedback in Education: Key Concepts and Future Directions. Routledge
6. Gibbs, G. (1988). Learning by Doing: A guide to teaching and learning methods. Oxford: Further Education Unit.
7. Kounin, J. S. (1970). Discipline and Group Management in Classrooms. Holt, Rinehart and Winston.